Астанада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына арналған халықаралық семинар өтеді
Бұл туралы қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.
Семинарды өткізу Қазақстан Республикасының беделін көтеруге, шетелдердің құзыретті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды кеңейтуге және күшейтуге ықпалын тигізеді.
Бұдан басқа, семинар сыбайлас жемқорлықпен күресу және оның алдын алу саласында тәжірибе алмасу, өзара оқыту және практикалық мәселелерді талқылау алаңына айналады.
Семинарға Ұлыбритания, Швейцария, АҚШ, Ресей Федерациясы, Түркия, Хорватия, Корей Республикасы, Малайзия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Армения, Грузия және Румыния сияқты елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрумен айналысатын мемлекеттік органдары және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысады.
Семинарда Малайзияның Сыбайлас жемқорлықпен күрес комиссиясы, Грузия Әділет министрлігінің Сыбайлас жемқорлықққа қарсы тұру жөніндегі Кеңестің кеңсесі, Ресей Федерациясының Президент Әкімшілігі, Әділет министрлігі, Бас прокуратурасы және Тергеу комитетінің, Швейцарияның Экономикалық байланыстар жөніндегі Мемлекеттік кеңсесінің өкілдері сөз сөйлейді.
Оған қоса, шараға Экономикалық өзара іс-қимыл және даму ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ Есірткі мен қылмыстылық бойынша басқармасы (Вена қаласы), Әлемдік банк сияқты халықаралық ұйымдардың қатысуы көзделген.