Астанада Талғат Мұсабаевтың «жердегі және ғарыштағы өмірі» туралы деректі фильм көрсетілді

Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына, Юрий Гагариннің ғарышқа сапар жасағанына 50 жыл толуына және Қазақстан Республикасының ғарышкері Талғат Мұсабаевтың ғарышқа жасаған үшінші сапарына 10 жыл толуын атап өту аясында өтті.
Фильмнің авторы - байқоңырлық танымал журналист, қазақстандық ғарышты зерттеуші, «ҚазАқпарат» агенттігінің арнаулы тілшісі, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ президентінің кеңесшісі Сара Нұрғалиева.
«Бұл фильм Талғат Мұсабаевтың ата-анасының, оның ата-бабасының құрметіне арналған. Сондай-ақ оған ауыр ғарыш жолында қолдау білдірген жандар жайлы да айтылады. Олардың арасында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бар», - деді фильмнің авторы Сара Нұрғалиева.
С.Нұрғалиева, патриоттыққа, өз Отанының нағыз азаматы болып өсуге тәрбиелейтін деректі кино нақты өскелең ұрпаққа арналғанын атап өтті.
«Құрметті балалар, фильм ең алдымен сіздерге арналған. Сіздер Талғат Мұсабаев қарапайым отбасынан шыққан бала болғанын көрдіңіздер. Ол оқуға, білім алуға ұмтылды. Ол алдына мақсат қойып, Қазақстанға ғана емес, сондай-ақ әлемге қызмет ететін үлкен азамат болды. ал ол үшін елімізде барлық жағдайлар жасалған», - деп атап өтті ол аудиторияның басым бөлігін құраған оқушыларға қарата айтқан сөзінде.