Астанада «Тәуелсіз Қазақстан: тарихы мен тағылымы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

ТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - 29 қараша күні Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған
None
None

«Тәуелсіз Қазақстан: тарихы мен тағылымы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияны С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы және «Жастар саясатын қолдау» мемлекеттік қоры ұйымдастырып отыр.

Конференция жұмысы «Тәуелсіз Қазақстан: жетістіктері мен басымдықтары», «Қазақстандық патриотизм: көпұлтты халықтың ұлттық сана-сезімі және бірегейлігі», «Полилингвальды Қазақстанның этномәдени мұрасы», «Астана - тәуелсіз Қазақстанның символы» тақырыптары аясында өрбиді.

Шараға Президент Әкімшілігі және министрліктер өкілдері, ғалымдар мен саясаткерлер қатысады.

Соңғы жаңалықтар