Астанада «Тәуелсіздіктің 20 жылдық шыңы» атты мұражай көрінісінің таныстырлымы болды

Аталған панорама Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуынан сыр шертеді. Онда Мемлекеттік рәміздер, ұлттық валюта, Астана -Еуразияның жүрегі, Ата Заң - елдегі азаматтық және этникалық бейбітшіліктің кепілі, Қазақстанның ядролық қарусыз саясаты, ұлттық тарих - Қазақстан бірлігінің факторы, Ғасырлар тоғысындағы мәдениет, Спортшылар жетітістігі тақырыптары бойынша және басқа да бағаттардағы еліміздің жетістігі жайында тереңнен мағлұмат берілген.
Осы шара барысында негізгі қонақтар ретінде ТҮРКСОЙ ұйымының өкілдері қатысты. Айта кетейік, кеше Астанада ТҮРКСОЙ Халықаралық бірлескен даму ұйымы Мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің XXIX отырысы басталған еді. ТҮРКСОЙ ұйымы түркі тілдес елдердің арасында мәдениет пен өнер саласындағы мәдени байланыстарды дамытуға басшылықты жүзеге асырып, барлық мүшелеріне олардың саяси бағдарына қарамастан мәдени-ынтымақтастық саласында тең құқығын қамтамасыз етеді.