Астанада «Тең мүмкіндіктер жолы» республикалық акциясы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық полицейлер қалалық автокөлік жолдары басқармасының өкілдерімен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау үшін көшелерде реттелетін қиылыстардың көше-жол жүйесінің техникалық және эксплуатациялық жайына, медициналық мекемелердің, сауда орталықтарының, вокзал, әуежайлар мен басқа халық көп жүретін жерлерде тұрақтау орындарының жеткілікті жабдықталуына тексеріс жүргізеді.
None
None

Акцияның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы ортаны қалыптастыруға жұртшылықтың назарын аудару, жол қозғалысына қатысушылардың әдепті қарым-қатынас жасау қажеттілігі және оларды жолда тең мүмкіндікпен қамтамасыз ету, деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен. Аталмыш акцияны өткізуге денсаулық сақтау және білім басқармасының, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының және Қызыл жарты ай қоғамының, Қазақстанның мүмкіндігі шектеулі ұйымының қоғамдық өкілдері атсалысуда. Айта кетейік, БҰҰ Бас Ассамблеясы 1992 жылы 47-ші сессиясында қабылдаған арнайы резолюциясында 3 желтоқсанды Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандардың күні деп жариялап, барлық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды бұл күнді бірлесе өткізуге шақырған еді.

Соңғы жаңалықтар