Астанада ТМД елдеріндегі саяси үдерістер және тарих ғылымының дамуындағы жаңа тұжырымдамалық шешімдер сараланды

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін елордада «ТМД мен Қазақстанның саяси тарихы: тұжырымдамалық ұстанымдар мен зерттеу мәселелері» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.
None
None

Шараға Мемлекет тарихы институтының тарихшылары, саясаттанушылар, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері мен ЖОО ғалымдары қатысты.

Басқосуда ТМД кеңістігіндегі тарихшы ғалымдардың ықпалдастығын күшейтудің жолдары айтылып, қатысушылардың дайындаған шешімдер жобасына бірқатар ұсыныстар қабылданды.

«Аталмыш тақырыпты талқылаудың қажет екендігі шүбә келтірмейді. Бүгінгі таңда тарихи өткенді түсіндірудің, баға берудің шешімдері мен жолдары өзгерді. Соның ішінде бұрынғы КСРО тарихын талдау бойынша да көптеген мәселелер бар. Қазіргі уақытта тарихшы ғалымдар КСРО мен бүгінгі тәуелсіз мемлекеттердің тарихын баяндауда жаңа әдіснамалық, тұжырымдамалық шешімдерді жасақтауда», деді Мемлекет тарихы институтының бөлім бастығы, тарих ғылымдарының докторы Жанна Қыдырәлина.

Ж. Қыдырәлинаның айтуынша, ТМД ғалымдары, саясаттанушылары, қоғамтанушылары халықаралық әріптестік пен ықпалдастықты дамыту тұрғысында сұхбат кеңістіктерін кеңейтуі керек.

«Тарих бедерлерінде жабық қалған тарихи желілерді қарап, әділ бағасын беру қажет. Сондықтан ТМД ғалымдары ынтымақтастық пен тату-көршілік қағидаттарды жалғастыра отырып, халықаралық конференцияларға, халықаралық жобаларға белсенді араласуға күш салуы тиіс» деді сөз соңында Ж. Қыдырәлина.

Қазіргі таңда ТМД тарихшыларының еңбектерін бір жүйеге келтіруге, достастық елдері ғалымдарының басын қосатын ТМД-ның тарих институттарының қауымдастығы жұмыс жасауда.

Соңғы жаңалықтар