14:52, 15 Сәуір 2013 | GMT +5
Астанада «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы -ЭКСПО-2013» халықаралық форумы өтеді
АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - 18-19 сәуірде Астанада өтетін «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы -ЭКСПО-2013» халықаралық форумына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев қатысады.
Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
Аталған форумда инновациялар мен энергия үнемдегіш технологияларды енгізу мен осы салада басқару тәжірибесін жақсарту тұрғысында Қазақстанның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының тиімділігін арттыру мәселесі қаралмақ.
Бұл жиынға еліміздің және ЕО мен көршілес мемлекеттердің іскерлік топтары қатыспақ. Форум аясында «ТКШ-ЭКСПО-2013» халықаралық көрмесі мен конференция ұйымдастырылады.