05:54, 03 Қазан 2015 | GMT +5
Астанада түркі дүниесі әдебиет институттары басшыларының жиыны өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 қазан күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен түркі дүниесі әдебиет институттары басшыларының жиыны өтеді.
Бұл туралы Халықаралық түркі академиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Түркі әлемінің Ұлттық ғылым академиялары одағы аясында өтетін жиында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Астанада өткен Түркі кеңесінің 5-ші Саммитінде берген тапсырмасы бойынша қолға алынып жатқан «Аталар мирасы» ғылыми жобасы, сонымен қатар «Ортақ түркі әдебиеті» оқулығының тұжырымдамасы талқыланып, шешім қабылданады. Аталған жобаларды іске асыру үшін әдебиет институттары арасында әріптестік жөніндегі келісімге қол қойылады деп күтілуде.
Басқосуға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Татарстан және Қазақстан Республикаларының іргелі ғылыми-зерттеу ұйымдары басшылары қатысады.