19:19, 07 Мамыр 2013 | GMT +5
Астанада Түркіменстан өнер шеберлерінің концерті өтті
АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Түркіменстанның өнер шеберлерінің концерті, сондай-ақ сәндік-қолданбалы және зергерлік бұйымдардың көрмесі өтті.

Іс-шара Түркіменстан Республикасының Президенті Гурбанғұлы Бердімұхамедовтың Қазақстанға ресми сапарының аясында өтуде.
Концерттік бағдарламаға Түркіменстанның халық әртістері Джемал Сапарова, Парахат Шихимов, Акмухаммед Ханов, еңбек сіңірген әртістер Гозель Овезова, Лилия Чурчага, Атаджан Бердыев, Джахан Тагиева, сондай-ақ «Докмачилар» фольклорлық тобы, «Менгли», «Ниязли», «Ашхабад» би ұжымдары қатысты.
Концерттің құрметті қонақтары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед және Түркіменстанның білім министрі Гүлшат Маммедова концерт алдындағы сөздерінде екі жақты қарым-қатынастардың оң дамуын және бауырлас елдер халқының мәдени біртұтастығын атап өтті.