Астанада Үкімет басшысы К. Мәсімовтің қатысуымен «KAZENERGY» V Еуразиялық форумының жұмысы басталды

; АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен «KAZENERGY-2010» V Еуразиялық форумының жұмысы басталды. Биылғы форумның жұмысы «Еуразияның энергетикалық картасы: тәуекелдердің балансы және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбына арналып отыр.
None
None

Айта кетейік, форум ҚР Үкіметінің қолдауымен өтіп жатыр. «KAZENERGY» V Еурзаиялық форумының бас демеушісі «ҚазМұнайГаз», «ТеңізШевройл» және Тотал компаниялары. Таратылған мәліметтерге қарағанда, алқалы жиынға қатысуға Австралияның экс премьер-министрі Джон Ховард, ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов, Дүниежүзілік энергетикалық кеңестің бас хатшысы Кристофер Фрай, Әлемдік мұнай кеңесінің президенті Рэндал Госсен, сондай-ақ басқа да энергетика саласындағы ірі компаниялардың өкілдері қатысуда.

Екі күннің ішінде спикерлер мен форумға қатысушылар Еуразиялық континенттің энергетикалық тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаһандық энергетиканы дамыту, энергетиканың балама көздерін жетілдіру, өзара тиімді іскерлік және инвестициялық әріптестікті дамыту мәселелерін талқылайтын болады.

Форум жұмысына талқыланған маңызды мәселелерден хабар тарату үшін 200-ден астам отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Соңғы жаңалықтар