Астанада «Үш анық» пікірталас клубының алғашқы мәжілісі өтті

АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанада «Үш анық» пікірталас клубының алғашқы мәжілісі өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде сөз қозғаған Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның Астана қалалық өкілдігінің жетекшісі Анар Ыбыраеваның айтуынша, адам өз өмірінде өзінің құқықтарының сақталуына кедергі келтіріп отырған жағдайлармен бір рет те болса кездеседі. «Бүгінде адам құқығы бұзылуына байланысты фактілердің ара-тұра болса да Қазақстанда да кездесетіндігін барлығымыз да мойындайтын шығармыз. Өйткені бұл мәселе кез-келген мемлекетте бар және ол қалыпты жағдай. Бірақ оған қатысты жағдай ұдайы жетілдіріліп отыруы тиіс. Себебі адам құқықтары мемлекет пен азаматтар арасында қалыптасатын жағдай. Ал жалпы адам құқықтарының сақталуы мемлекеттің мойнындағы басты міндеттердің бірі», деп атап көрсетті А.Ыбыраева.

Жиын барысында сонымен қатар адам құқықтарының сақталуына қатысты көптеген ұсыныс, пікірлер айтылып, олар жөнінде отырысқа қатысушылар өзара пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар