18:15, 27 Қазан 2009 | GMT +5
Астанада жастар үшін «Ашық есік күні» өтеді
АСТАНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Қазанның 29-да елордадағы Президенттік мәдениет орталығында жастар үшін «Ашық есік күні» өтеді.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен брифингте партияның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі
«Ашық есік күнін өткізу аясында студенттер Қазақстан халқының тарихи-мәдени қазыналарымен, кітап қорымен, сондай-ақ орталықтағы бастауыш партия ұйымы қызметімен танысады. Орталықтағы бастауыш партия ұйымы шара барысында жиналғандармен өзінің жастар қанаты қызметіндегі партиялық және ұйымдастырушылық тәжірибелерімен бөліспек», деді О.Петерс.
Шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері, Президенттік мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков қатысады.