Астанада Жол картасы бойынша жұмысқа орналасқандар өз орындарынан табылмады

АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Жол картасы бойынша Астанада жұмысқа орналасқан азаматтар жұмыс орындарында болмай шықты.
None
None

Бұл туралы бүгін өткен кеңесте «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының партиялық қадағалау комиссиясының инспекторы Дәулеткерей Рахметуллин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, Жол картасы бойынша салынып жатқан және қайта жөндеудегі бірқатар ірі құрылыс нысандарын тексеру барысында жұмысшылар өз орындарында жоқ болып шыққан. Бұдан бөлек, Жол картасын одан әрі тиімді жүзеге асыру үшін еңбек нарығына салалар  мен саны бойынша қажетті мамандарға жіті зерттеу жүргізілмеген. Себебі, қайта мамандандырылған азаматтардың бір бөлігі әлі күнге дейін жұмыспен қамтылмаған.

 Сонымен қатар, Д.Рахметуллин партияның қоғамдық қабылдауларына жұмыссыздық жөнінде тіркеуде тұрғанымен жұмысқа орналастырылмағандығына қатысты азаматтардың шағымдары көптеп келіп түсіп жатқанын айта келе, олардың арасында Жол картасына байланысты мәселелер де барын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар