Астанада жүргіншілерге арналған 10 жерасты өтпе жолы салынады - И.Тасмағамбетов

  АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Астанада жүргіншілерге арналған 10 жерасты өтпе жолы салынады. Бұл туралы өзінің жеке блогында тұрғындардың сауалына жауап берген елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
None
None

«Біз жаяу жүргіншілердің жерасты өтпе жолдарының құрылыс жоспарын әзірледік. Оларға сәйкес қазіргі уақытта Қонаев және Достық көшелерінде осындай нысандарды салу жобасы дайындалуда. Жаңадан бой көтеріп жатқан опера және балет театрының аумағында, Қонаев көшесінде жерасты өтпе жолының құрылысы жүзеге асырылады», - деді И.Тасмағамбетов.

Астана әкімінің айтуынша, бұдан бөлек, алдағы уақытта ақша қаражаттарының табылуына қарай жүргіншілерге арналған тағы 10 жерасты жолын салу жоспарлануда.

Олар Достық көшесінде  («Нұр Астана» орталық мешіті мен «Керуен» СОО-ның аумағында);

Тұран және Сарыарқа даңғылдарында («Хан Шатыр» СОО, Мейрамханалар кешені, «Изумруд» тұрғын үй кешені, №56 орта мектеп);

Қабанбай батыр даңғылы бойында (Салтанат сарайы, №17 мектеп, «Триум Астана» тұрғын үй кешендерінің аумағы);

Көпдеңгейлі жол-көлік айырығы және жерасты (жерүсті) жүргішлердің өтпе жолдарын салу аясында Бөгенбай батыр даңғылы -Уәлиханов көшесі -Достық көшелерінде;

«Рамстор» сауда орталығынан Гете көшесіне дейін Республика даңғылында («Жастар» сарайы, «Талисман» дүкені, «Есіл» дүкені және Технопарктің аумағы)

Республика даңғылынан Пушкин көшесіне дейін Кенесары көшесінде;

Пушкин даңғылынан Момышұлы даңғылына дейін Абылайхан даңғылында (№38 мектеп, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМКК аумағы);

Пушкин көшесінен Мұстафин даңғылына дейін Ш.Құдайбердіұлы көшесінде («Астана-Моторс» Орталығы, Сәбилер үйі, «Мұнар» тұрғын үй кешенінің аумағында);

Б.Момышұлы даңғылында («Астанаэнерготарату» МКК кеңсесінің аумағында) салынады.

Соңғы жаңалықтар