Астанадағы Аграрлық университетте «Сәкен тағылымы» 7-ші республикалық ғылыми-теориялық конференция басталды

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Балғабай Майқановтың айтуынша, «Сәкен тағылымы» республикалық ғылыми-теориялық конференциясы оқу орны қабырғасында 2005 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биылғы конференция ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналды.
Жас ерекшелігіне қарамай Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі новаторлардың басын қосатын шараның мақсаты - нәтижелі ғылыми-зерттеу жұмыстармен бөлісу.
Биыл да дәстүр бойынша конференцияға жоғары оқу орындарының ғалымдары, ғылыми қызметкерлері, оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері сондай-ақ, өнер тапқыш мектеп оқушылары қатысуда.
Олар өздерінің ғылыми идеяларымен, ұсыныс-ойларымен бірнеше бағыттар бойынша бөлісетін болады: олар сәулет өнері және дизайн, ветеринария, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар, мал шаруашылығы, егін және өсімдік шаруашылығы, жерге орналастыру, ақпараттық технологиялар, техникалық ғылымдар, энергетика және байланыс, экономика, экология және табиғатты қорғау.
Конференцияға қазақстандық новаторлардың еңбектеріне қызығушылық танытып келген Германия, Франция және Ресей Федерациясының ғалымдары қатысуда.