Астанадағы «Дін лаңкестікке қарсы» конференциясына 41 елден өкілдер келеді

Атап айтқанда, конференцияға 41 елден 63 делегат келеді. «Дін экстремизм мен лаңкестікке қарсы екені белгілі. Осы ретте дінде төзімділік насихатталады. Діни және саяси бағыттағы көшбасшылар осы құндылықтарды барша адамдарға жеткізуі тиіс, әсіресе жастарға дұрыс бағдар берген дұрыс. Негізгі күш-жігерді қақтығыстарды доғаруға жұмылдыру қажет. Өйткені, тек бейбітшілік пен келісім ғана өркениеттер дамуының негізі бола алады»,- деді сенатор Георгий Ким Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, конференцияда Қазақстанның ұстанымдарына ерекше мән беріледі. Бұл тұрғыда еліміз этникааралық, дінаралық және мәдениетаралық үндестіксіз тұрақты саяси, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму мүмкін емес екенін насихаттауда.
«Бұл конференцияда Қазақстан осы салада жинақтаған тәжірибесімен бөліседі. Сонымен қатар осы тәжірибе негізінде елеулі конструктивті ұсыныстарды енгізуде», - деді ол.