Астанадағы «ЭКСПО-2017» аясында Ежелгі Мысыр өнер туындыларының көрмесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы  «ЭКСПО-2017» аясында Ежелгі Мысыр өнер туындыларының көрмесі өткізіу жоспарланып отыр.
None
None

Бұл туралы Каир қаласында сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Египет Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысында мәлім болды.
null  

 Қазақстан делегациясын ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастап барды, деп хабарлайды ҚР МСМ баспасөз қызметі

Үкіметаралық комиссия отырысының күн тәртібіне мәдениет және тарихи-мәдени мұраларды қорғау, спорт және туризм, білім беру, діни қызмет, сауда, өндіріс, инвестиция, энергетика, мұнай, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және фармацевтика, азаматтық авиация саласындағы өзара әрекеттесу мәселелері енді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы өз сөзінде Үкіметаралық отырыс Қазақстан және Египет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдету, мемлекеттер арасындағы өара байланыстың нақты және кеңейтілген болашағын анықтау мақсатындағы маңызды шара болып табылатындығын тілге тиек етті.
null  

«Үстіміздегі жылы мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастарға 25 жыл толады. Бұл жылдар ішінде мемлекеттеріміз арасындағы барлық салаларда сұхбаттың кеңеюі мен нығаюына қол жеткізілді. Нақты айтқанда, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, сонымен қатар көпжақты өзара әрекеттесу саласында үлкен жұмыс атқарылды», - деді министр.

Келіссөздердің нәтижесі ретінде Қазақстан-Египет Үкіметаралық комиссиясы 5-ші отырысының хаттамасына қол қойылды. Құжат мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын анықтайды.  Хаттамаға сәйкес, тараптар «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Ежелгі Египет өнер туындылары көрмесін өткізу мәселесі бойынша жұмыс жүргізетін болады. Қазақстан мысыр тарапының болашақта ҚР Ұлттық музейінде әлемдік мәдениет залын ашу үшін Ежелгі Египет өнер туындыларын (түпнұсқалар мен көшірмелер) сыйға тарту ұсынысын қабылдап, қазақстандық реставраторлар , археологтар және көптеген мамандарды даярлау курстарын Египетте өткізу бойынша мәселені қарастырады.

Сондай-ақ, Қазақстан және Египет дене шынықтыру және спорт саласында тәжірибе алмасып, сонымен қатар екі мемлекет спорт федерацияларының арасында әріптестікті дамытатын болады.
null  

Комиссия жұмысы аясында Арыстанбек Мұхамедиұлы Египет Араб Республикасы инвестициялар және халықаралық ынтымақтастық министрі доктор Сахара Наср, Египет Араб Республикасы мәдениет министрі Х. Наманам, Египет Араб Республикасы Көнелер ісі министрі Х. Аль-Анани жән Каир губернаторымен екіжақты кездесулер өткізіп, «Достық пен Еркіндік» саябағында орналасқан Абай бюстіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт министрі Сұлтан Бейбарыс мешітіне барды.

Екіжақты кездесулердің нәтижесі бойынша Қазақстан мен Египет мекемелері мен ұйымдары арасында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды. Бұндай құжаттардың арасында ҚР Ұлттық кітапханасы мен ЕАР Ұлттық кітапханасы және мұрағаты арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен ЕАР Вакуфтар министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандум, Египет Араб Республикасы Дистанциялық бағдарлау  және космос ғылымдары мәселелері бойынша ұлттық ғылымдар ұйымы ұлттық басқармасы (NARSS) және Қазақстан Республикасы «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы арасында ғылым және технологиялық қосымшалар саласындағы ынтымақтастық ниеті туралы хат бар. 
null  

Соңғы жаңалықтар