Астанадағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің отырысына 1 мың 200 адам қатысады

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астанада 20-21 мамырда өтетін Еуропалық қайта құру және даму банкінің отырысына 1 мың 200 адам қатысады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

«Бұл өте ауқымды шара болып табылады. ЕҚДБ дамушы елдерде және біздің мемлекетте өте маңызды рөл атқарады», - деді министр.

Аталған отырыс аясында ЕҚДБ басқарушылары кеңесінің жиыны, іскерлік форум, Қазақстанның инвестициялық форумы, «Жиырма тобындағы» француздық төрағалықтың және «жаңа Бреттон-Вудс» жолындағы комитеттің бірлескен конференциясы, донорлардың жыл сайынғы кездесуі, сонымен қатар азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың шаралары ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, бұл басқасуға ЕҚДБ мүшелері, яғни барлық акционерлер, сондай-ақ халықаралық қаржылық ұйымдардың өкілдері қатысады. Жыл сайынғы отырыстың мазмұндық тақырыбын ЕҚДБ анықтайтын болады, ал қабылдаушы ел ұйымдастыру шараларын атқарады. Аталған жиынның ауқымдылығын ескере отырып, Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың басшылығымен отырысқа дайындық бойынша ұйымдастыру комитеті құрылды.

Брифингте мәлім болғанындай, аталған ауқымды жиынды өткізу үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге қарастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар