Астанадағы халықаралық конференцияда Орталық Азиядағы әйелдер қозғалыстарында ұрпақтар сабақтастығының жоқтығы талқыланды

АСТАНА. Ақпанның 23-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Әйелдер қозғалысына жеке бастарында қандай да бір проблемалары болғаннан келмейді.
None
None

Ол әйелдер - өз елі мен халқына шынайы жандары ашитын саяси және әлеуметтік сауатты жандар. Бұл туралы бүгін Астана өткен «Орталық Азиядағы әйелдер қозғалысы және қазіргі заман үрдістері» атты халықаралық конференцияда Гендерлік зерттеулер орталығының директоры Светлана Шәкірова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әйелдер қозғалысына жеке бастарында қандай да бір проблемалардың болғаннан келмейді. Бізде сондай қате түсінік бар. Ол әйелдер - өз елі мен халқына, әсіресе әйелдер қауымы үшін шынайы жандары ашитын саяси және әлеуметтік сауатты жандар. Негізінен әйелдер қозғалысының бағыты әралуан. Мәселен, әлеуметке бағдарланған ұйымдар қандай да бір әлеуметтік қамқорлыққа зәру әйелдердің құқығын қорғайтын болса, лоббилік бағыттағы ұйымдар - мәдени құқықтарды дамыту, заңсыз тасымалмен күрес үрдістерін зерттеумен айналысады», - деп атап өтті ол.

С.Шәкірованың айтуынша, қазіргі күні феминистік қозғалыстардың алдында тұрған негізгі проблемалардың бірі, ол - ұрпақтар сабақтастығының болмауы. Себебі, феминистік қозғалыстар құрылғалы бері 20 жыл ішінде, олардың көшбастарында тұрған азаматшалар жас шамаларына байланысты бұл саладан қол үзіп қалған, ал олардың орнын алмастыратын жас кадрлар жоқтын қасы. Бүгін халықаралық конференцияда талқыланған мәселелердің бірі де осы тақырыпқа арналды. Сондай-ақ іс-шараға қатысушыларды әйелдер ұйымдарының арасында байланыстың болмауы, қазіргі дағдарыс жағдайында үкіметтік емес ұйымдардың қызметтері де толғандырды. Осы ретте олар Орталық Азиядағы гендерлік ҮЕҰ-лардың қызметін үйлестірумен айналысатын желіні құруды ұйғарды.

Айта кетейік, конференцияға Қазақстандағы және Орталық Азия мемлекеттеріндегі үкіметтік емес ұйымдар, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар