Астанадағы KazAgro 2012 ауыл шаруашылығы көрмесіне 22 елден 250 өндіруші келді

     АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Астанада KazAgro 2012 ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі халықаралық көрмесі ашылды.
None
None

Оған әлемнің 22 елінен 1000-нан астам делегат тәжірибе алмасып, ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін елордағы «Көрме» орталығына жиналды. 14 000 шаршы метр аумақты қамтыған көрмеге Австралия, Австрия, АҚШ, Беларусь, Бразилия, Германия, Грекия, Дания, Үндістан, Испания, Италия, Канада, Нидерланды, Панама, Ресей, Түркия, Украина, Франция, Чехия, Оңтүстік Корея елдерінің және Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы компаниялары мен өнім өндірушілері қатысуда. Оның басты міндеті өндіріске жаңа технологиялар енгізу және ішкі және сыртқы нарықта отандық тауарлар мен қызметтерді жылжыту жолымен қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. 

 «Бұл көрме-жәрмеңке біздің барлық мүмкіндіктеріміз бен ұсыныстарымызды ортаға салу үшін ұйымдастырылып отыр және де көптеген елдердің 250-ден астам компаниясының осы көрмеге қатысуы оның маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетеді», - деді ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Қырымбек Көшербаев шараның салтанатты ашылу рәсімінде.   

 Оның айтуынша, Қазақстан соңғы жылдары ауыл шаруашылығында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Аз уақыт ішінде бұл саланы дамытуға бөлініп жатқан қаражаттардың көлемі бойынша біздің ел 98-орыннан 43-орынға көтеріліп отыр.

 KazAgro/КазФерма 2012 қазақстандық халықаралық көрме жұмысына негізінен мал шаруашылығымен айналысатын фермерлік қожалықтар қатысып, тәжірибе бөліседі. Францияның ұлттық туымен 10-нан астам кәсіпқой компания өз өнімін ұсынады, осы ретте, қазақстандық фермерлер мал дәрігерлігі және өсімдік шаруашылығы мәселелері бойынша кеңес ала алады. Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында отандық және шетелдік компаниялар бірқатар меморандумдарға қол қояды деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар