Астанадағы конференцияда Қазақстанның «төрт Т» қағидаты талқыланбақ

СТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ертең, наурыздың 3-і күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы: «төрт Т» -«траст»-сенім, «традишн»-дәстүр, «транспаренси»-ашықтық, және «толеранс»-төзімділік» ұстанымы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің басым бағыттарына арналған Үндеуі аясында өткелі отырған конференцияға ҚР Сенат және Парламент Мәжілісінің депутаттары, елшілер, ресми тұлғалар және университет оқытушылары мен студенттері қатысады.

Ашық әңгіме үлгісінде өтетін мәжіліс барысында конференцияға қатысушылар студент-жастардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап береді.

Соңғы жаңалықтар