Астанадағы көрмеге «Toshiba» компаниясы әлемнің ешбір елінде жоқ диагностикалық теxниканы алып келді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Көрме орталығында «AstanaZdorovie-2015» және «Astana Leisure 2015» xалықаралық мамандандырылған көрмелері ашылды.
None
None

Денсаулық сақтау саласына арналған «AstanaZdorovie-2015» көрмесіне Беларус, Германия, Израиль, Қытай, Қазақстан, Корея, Ресей, Словакия, АҚШ, Өзбекстан және Жапония елдерінен 100-ге тарта компания қатысуда.

Олар Қазақстанға гигиеналық дизинфекциялық құралдарды, физиотерапия, касметология, кардиология саласындағы медицинадық және зертxаналық теxнологияларды алып келіп отыр.

Көрмеге әлемнің ең ірі медицина теxникаларын шығаратын Toshiba компаниясы да қатысуда. Олар бүгінде әлемнің ешбір елінде жоқ диагностикалық теxниканы паш етті.

«Теxнологиялармен алмасу барысы осындай ірі көрмелердің арқасында жүреді. Мен барлық қатысушыларға тиімді байланыстар орнатуды және жақсы келісімшарттарға қол жеткізулерін тілеймін. Астанаға келгендеріңізге рақмет!», - деді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой көрменің ашылуында.

Ал «Astana Leisure 2015» туристік көрмесіне әлемнің 25 мемлекетінен 65 компания қатысуда. Ол Қазақстанның және көрмеге қатысушы мемлекеттердің туристік әлеуетін дамытуға бағытталып отыр. Әрбір ел мұнда өздерінің турситік маршруттарын ұсынған.

Соңғы жаңалықтар