Астанадағы «Магистральный» тұрғын үй кешені ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Астанада салынып жатқан «Магистральный» тұрғын үй кешені ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Bnews порталында өткен онлайн-конференцияда Құрылыс істері және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық агенттігі Тұрғын үй саясаты басқармасының бастығы Жәнібек Манқараев мәлім етті.

«Астана қаласы әкімінің орынбасары бекіткен жаңа кесте бойынша аталмыш тұрғын үй кешенін 2010 жылдың екінші жарты жылдығында аяқтау жоспарланып отыр. Яғни, ол осы жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек», деді Ж. Манқараев.

Өз кезегінде аталмыш агенттіктің Тұрғын үй саясаты департаментінің директоры Кенжеболат Мыңбаев бұл ведомство құрылыс нысандарын үйлестіретінін және мониторинг жасайтынын, ал құрылысты аяқтау және бақылау мәселелерін облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері реттейтінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар