Астанадағы өрт оқиғасы кезінде 70 адам басқа жерге көшірілді

АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астана қаласы Мирзоян көшесіндегі нөмірі 23-ші 9 қабатты тұрғын-үй кешенінде шыққан өрттің нәтижесінде иіс тиген 4 адам ауруханаға жеткізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Астана қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ауруханаға түскен 4 адамның үшеуі ауыр иіс тиіп улану диагнозымен жеткізілген. Өрт он қабатты үйдің 1-ші қабатынан 9-шы қабатына дейінгі аралықты, жалпы 19 пәтерді шарпыған. Өрт сөндіру кезінде 70 адам басқа жерге көшірілген.Соңғы мәлімет бойынша, аталған өрт сөндіру жұмысына 14 негізгі, 5 арнайы техника, 9 жедел жәрдем көрсету бригадасы, су тасығыш мәшинелер мен Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің шұғыл тобы қатысты.
Соңғы жаңалықтар