Астанадан-Бурабай жолына жеңіл автокөлік 200 теңге, автобустар мен жүк көліктері орын санына қарай төлейді

Ақылы жолмен жүріп өткені үшін тиісті төлемді аймақтан шығар кезде терминалдың көмегімен қолма-қол ақша (қағаз ақша немесе монета), банк карточкасы немесе транспондер арқылы төлем жасауға болады. Автокөлік иелері үшін автомагистральдің бойында орналасқан аудандардың аумақтарына сәйкес 5 аймаққа бөлінген. Осыған орай, төлем көлемі жүріп өткен әрбір аймаққа тиесілі тарифтерден құралатын болады. Нақтырақ айтар болсақ, қос білікті жеңіл автокөліктің иесі «Астана-Шортанды» бағытымен жүріп өткені үшін 60 теңге төлейді, егер әрі қарай Ақкөлге баратын болса қосымша 50 теңге төлейтін болады.
«Ал, Ақмола облысының Шортанды, Ақкөл, Бұланды, Еңбекшілдер және Бурабай аудандарында тұратын автокөлік иелері үшін жеңілдіктер қарастырылған. Олар өз ауданы арасында жүріп өткені үшін ақы төлемейді. Ақылы жолмен жүріп өткені үшін төлемақы алу ісін мамырдың үшінші онкүндігінде қолданысқа енгізу жоспарланып отыр», делінген баспасөз хабарламасында.