12:56, 13 Наурыз 2013 | GMT +5
Астанаға Ауғанстанның ірі бизнес өкілдері келеді
АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Ертең, 14 наурыз күні Астанаға Ауғанстан елінің ірі бизнес өкілдерінің делегациясы келеді.

Бұл туралы ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Сапар аясында ауған кәсіпкерлері бірқатар кездесулер өткізіп, қазақстандық бизнеспен ауыл шаруашылығы, логистика, құрылыс, мұнай өнімдері, кондитерлік тауарлар және тағы басқа салаларда өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Аталған шараларға ҚР Индустрия және жаңа технологиялар, Өңірлік даму, Ауыл шаруашылығы, Көлік және коммуникация, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, сондай-ақ «KAZNEX INVEST» экпорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ компанияларының мүшелері қатысады.