18:24, 22 Сәуір 2013 | GMT +5
Астанаға Беларусьтің Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің Төрағасы келеді
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - 23-25 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Кайрат Мәмидің шақыруымен Астанаға ресми сапармен Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің Төрағасы Анатолий Рубинов келеді.
Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
Сапар барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Парламент палаталарының төрағаларымен кездесуі, сондай-ақ «Назарбаев университеті» студенттерінің алдында сөз сөйлеуі жоспарланып отыр.