Астанаға Халықаралық көрме бюросының сарапшылар комиссиясы келеді

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - 11-17 наурыз аралығында елордаға Қазақстанның құжаттар жинағымен танысуға Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) сарапшылар комиссиясы келеді.
None
None

Жұмыс сапары бағдарламасында ҚР Премьер-Министрімен, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілінің төрағаларымен, Астана қаласы әкімдігі өкілдерімен кездесулер қарастырылған. Онда EXPO-2017 құжаттар жинағы бойынша тақырыптық таныстырулар өткізіледі. Сондай-ақ «Болашақ энергиясы және оны қолдану» атты EXPO-2017 көрмесінің тақырыбы бойынша мәселелер, таныстыру жоспары мен көрме өткізудің техникалық-экономикалық талдаулары, көрме аумағын көрмеден кейін пайдалану бағдарламасы мен басқа да тақырыптар талқыланатын болады.

Халықаралық делегацияны Данияның Экономика және сауда қатынастар министрлігінің кеңесшісі Стен Кристенсен бастап келеді. Сапар барысында БАҚ өкілдерінің қатысуымен бірқатар іс-шаралар өткізіледі.

Айта кетейік, 2017 жылы өтетін көрме 3 айға созылады, оған әлемнің шамамен 100 елі мен 6 халықаралық ұйымы қатысады және 5 миллионнан астам адам келеді деп болжанып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар