Астаналық экономикалық форум өз жұмысын жалғастырады

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордада «Жаңа онжылдық:болашақтар мен талаптар» атты тақырыптағы ІV Астаналық Экономикалық форумы өз жұмысын жалғастырады.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, форумның жалпы күн тәртібіндегі тақырыптар жаһандық дамудың ең өзекті мәселелерін қамтып отыр. Атап айтқанда, халықаралық валюта жүйесін қайта құру болашағы, азық-түлік қауіпсіздігі мен «жасыл өсу», инновациялық экономика және баламалы энергетика, мемлекет пен жеке сектордың өзара әрекет етуі, туризм индустриясы мен өңірлік бірігуінің даму мәселелері қарастырылып отыр.

Белсенді экономикалық дамудағы халықаралық пікірталас алаңына айналған жиынның екінші күні де ауқымды шараларға толы болмақ. Атап айтқанда, осы күні Халықаралық валюта жүйесі: экономика мен ақша билігінің жаңа кескін үйлесімі тақырыбындағы панельдік сессия да өз жұмысын жалғастыратын болады. Бұдан бөлек, Еуразиялық өңірлік валюта тетіктері, Исламдық қаржыландыру және оның жаһандық қаржыландырудағы рөлі, Реформалар бойынша ұсыныстар және экономикалық ақша билігінің жаңа кескін үйлесімі тақырыптарын қамтыған сессиялар да өтеді.

Дәстүр бойынша форумның басты қорытындысы әлем экономикасын сауықтыру мен дамыту жөніндегі ұсыныстар берілген G20 қатысушылар елдер басшыларына арналған ашық хат жолданады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар