Астаналықтар Олимпиада күнін атап өтуде

Айта кетейік, Олимпиада күні елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде кең көлемде аталып өтетін мерекелік шараның біріне айналып келеді. Айтулы күнді мерекелеп, жаяу жүгірістен, басқа спорт ойындарынан өз күшін сынап көру үшін жас мөлшеріне қарамастан кез-келген адам қатыса алады. Бұл үшін әртүрлі жастағыларға арналып жеке жүгірістер ұйымдастырылады. Мүмкіндігі шектеулі қатысушыларға арнайы жүлделер тағайындалады.
Биыл да дәстүрге сәйкес, елорда тұрғындары мен қонақтары түрлі спорттық шараға қатысты, соның ішінде 60 және 100 метр қашықтыққа жүгіру, мини-футбол, үлкен және үстел теннисі, арқан тартыс, дартс ойыны және допты баскетбол себетіне түсіру ойындары ұйымдастырылған.
Тіпті ең жас қатысушылардың өзі бұнда олимпиада тақырыбындағы суреттер конкурсына қатысуда. Мерекенің басты шараларының бірі оған келушілер Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан спортшыларына деген ақжарқын тілектерін жазып қалдыру үшін арнайы стенд ұйымдастырылған.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өз сөзінде жанкүйерлердің қолдауы шын мәнінде ел спортшыларының нәтижесіне үлкен септік болатынын атап өтті. Ал Олимпиада ойындарына қатысатын боксшы Иван Дычко: «Өз кезегінде біз де Қазақстанның жалауы Олимпиада ойындарының тұғырынан жиі көтерілуіне барымызды саламыз», деп атап өтті.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға құқық беретін Қазақстанның қоржынында 86 олимпиада жолдамасы бар.