17:04, 01 Тамыз 2012 | GMT +5
Астаналықтар Олимпиададағы спортшыларға қолдау білдіріп, бұқаралық веложорық өткізді
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларға қолдау білдіру мақсатында бұқаралық веложорық өтті.

«Біз Олимпиадашыларымызды қолдаймыз!» ұранымен бұқаралық велошеру «Бәйтерек» монументі алдындағы алаңнан басталып, Достық, Ақмешіт және Қонаев көшелерімен жүрді.
«Шара біздің олимпиадашыларымызды қолдауға бағытталған. Біз олардан жаңа жеңістерді күтеміз. Егер барша ел, барша Астана қолдап жатқанын білсе, олар бізге жеңіс сыйлай алатындарына сенімдіміз. Бұл қолдауымыз спортшыларымызға кішкене серпін береді», - дейді Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқарамасы бастығының міндетін атқарушы Самат Қабдулин.
Іс-шараның жалпы ұйымдастырылуын және оны өткізуді Астана қаласы әкімінің аппараты, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы, Астана қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы жүзеге асырды.