Астаналықтар өзге өңір тұрғындарына қарағанда 4 жасқа ұзақ өмір сүреді

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Елорда тұрғынының өмір сүру ұзақтығы республикалық деңгейден жоғары.
None
None

Бұл туралы бүгін астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісінде аталған ведомство басшысы Айгүл Сегізбаева айтты.

«2012 жылдың қорытындысы бойынша елордада ана өлімі 4 еседен астамға төмендеп, сәбилердің шетінеуі 12 пайызға азайды», - деді ол.

Сонымен қатар басқарма басшысының атап өтуінше, қалада туберкулез, обыр және қан айналымы жүйесінің бұзылуы сынды аурулардың төмендеу динамикасы байқалып отыр.

«Миокард инфарктісі салдарынан өлім көрсеткіші 49 пайыздан астамға төмендеді. Елорда тұрғынының өмір сүру ұзақтығы 73 жасты құрады. Бұл 69 жасты құрайтын республикалық көрсеткіштен жоғары», - деді А.Сегізбаева.

Соңғы жаңалықтар