18:12, 25 Мамыр 2016 | GMT +5
Астананың маңынан елорда тұрғындарын ет өнімдерімен қамтамасыз ететін ет комбинаты салынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанаға жақын Ерейментау қаласында ет өнімдерін өңдеп, шұжық шығаратын, сүрленген ет өнімдерін дайындайтын комбинат құрылысы басталды. Бұл туралы Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасына қатысты «Ақмола медиа орталығынан» хабарланды.

Құрылыс жобасын жүзеге асыру ағымдағы жылдың 4-тоқсанында аяқталады. Шұжық өнімдері «Мясной двор» жеке сауда желісі арқылы жеткізіледі, ал ет өнімдерінің бағасы қарапайым халыққа қолжетімді болмақ.
«Бұдан бөлек, Ерейментау ауданында 50 МВт қуатын құрайтын жел паркін салу жоспарланып отыр. Құрылыстың жобалық құны 24 млрд. теңгені құрайды. Ал жобаға бастамашалық жасаған - «Ereimentau Wihd Pauer» ЖШС. Жобаның қаржылық мәселелері дұрыс шешімін табатын болса, сонымен қатар, ауыл шаруашылығындағы жобалар мен Астана-Шідерті автобан құрылысын есепке алсақ, алдағы уақытта Ерейментау ауданының негізгі капиталына инвестициялар көрсеткіші арта түспек», - делінген баспасөз баянында.