19:45, 28 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Астананың үш тұрғыны терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Терроризмді насихаттады деген күдікпен Астана қаласының үш тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде терроризмді насихаттады деген күдікпен Астана қаласының үш тұрғыны ұсталды»,- делінген ведомоствоның хабарламасында.
Аталған тұлғалар өз ортасында халықаралық террористік үйымдарды қолдау мен олардың іс-әрекеттеріне катысу үшін шетелге баруға шақырған.
Қазіргі таңда сұрау, тінту және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Қылмыстық топпен байланысты өзге де тұлғалардың құқыққа қайшы іс-әрекеттерге қатыстылығы тексерілуде.