Астрахан ауданында өткен «Бос орын» жәрмеңкесінде отыз адам жұмысқа тартылды

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысына қарасты Астрахан ауданында өткізілген «Бос орын» жәрмеңкесінде отыздан астам адам жұмысқа тартылды.
None
None

Аудан басшысы Рәшит Әкімовтың айтуынша, жыл ішінде екінші рет өткізіліп отырған іс- шараға аймақтағы елуге тарта жұмыс беруші қатысып, өзіне қажетті мамандар тізбесін ұсынған көрінеді. Соған сәйкес, сұранымға ие кәсіби мамандар, қойылар талаптар, олардың айлық табыстары, көрсетілер әлеуметтік жеңілдіктер, маманның болашағы жайындағы мағлұматтар көпшілік назарына ұсынылған. Аудандық әлеуметтік қамту бөлімінің ұйытқы болуымен жүзеге асырылған іс-шараға сәйкес өңірде мұғалім, дәрігер,мал дәрігері, экономистердің тапшылығы, білікті механизатор, құрылысшы, жүргізушілердің қажеттігі айқындалды. Бұл күні жергілікті жұмыс берушілерден түскен 92 ұсыныстың үштен бірі қанағаттандырылды.

Соңғы жаңалықтар