Астық мәселесінде БҚО халқына алаңдайтын негіз жоқ - әкім Н.Ноғаев

ОРАЛ. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 2012 жылы ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға 3 млрд. теңгеге жуық немесе былтырғы жылдан 1,5 есе көп қаржы бөлініп, мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп отыр.
None
None

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың мәлім еткеніндей, биылғы қалыптасқан ауа температурасының жоғарылығы (+41 градусқа дейін) және вегетация кезеңінде тиімді жауын-шашынның болмауы дәнді дақылдардың өсіп-жетілуіне кері әсерін тигізді.

Осындай қолайсыз ауа райының салдарынан алдын ала алынған мәліметтер бойынша 137 мың га дәнді дақылдар (егістіктің 33%-ы) есептен шығарылатын болады.

Қуаңшылыққа қарамастан, агротехникалық шараларды толықтай қолданған кейбір шаруашылықтар жақсы өнім алуда. Мысалы, қала маңындағы «Қайрат» ШҚ күздік қара бидайды әр гектардан өнімділігі 18 центнерден алса, Зеленов ауданының «Матевосян» ШҚ күздік бидайдың Куйбышевка сортынан 27 центнерден өнім алды.

Облыста күздік дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталып, шығымдылығы гектарға 10,2 центнерден 54,3 мың тонна өнім алынды, бұл өнімнен 10,7 мың тонна күздік тұқым дайындау жоспарлануда, ол сұранысты толық көлемде қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні жаздық дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде, 6 тамызға 73,8 мың гектар алқап жиналып, әр гектардан 3,7 центнерден өнім алынуда.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ арқылы шаруашылықтарға жетіспейтін дәнді дақылдар тұқымымен, шошқа және құс кешендерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті жеммен, сонымен қатар азық-түліктік астықпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдерге қол қойылды.

«Облыста наннның бағасын тұрақтандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және Қазақстанның астықты қайта өңдеушілер одағымен меморандум жасалды. Меморандумға сәйкес облысқа 1 тонна азық-түліктік бидай 28 мың теңгеден алынып, бірінші сортты ұн мен нанның бағасы бұрынғы деңгейден аспайтын болады. Сондықтан облыс халқына алаңдайтындай себеп жоқ», - деді облыс

Соңғы жаңалықтар