15:02, 24 Ақпан 2010 | GMT +5
Асыл ауылында жоғалып кеткен жасөспірім әлі табылған жоқ - Қарағанды облысы
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Асыл ауданында жоғалып кеткен 16 жасар жасөспірім әлі табылған жоқ. Іздеу шаралары осымен төртінші күн жалғасуда,
деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
«Ауылдағы туыстарына қыдырып келген бозбала ақпанның 20-сы күні кешке үйден шығып кетіп, содан оралмаған», - деп хабарлады баспасөз қызметінен. Туыстары бастапқыда оны өз беттерінше іздеп көрген, кейіннен ауылдағы учаскелік инспектордан көмек сұраған.
«Ақпанның 23-інде оқиға орнына полицияның жедел тобы келді. Іздеу шараларына жергілікті тұрғындар да жұмылдырылды. Бүгін, ақпанның 24-і күні оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқарушы жасағы аттанды», делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.