«Атамекен-Агро» АҚ-ның кредитке қабілеттілік рейтингі мен сенімді облигациялар рейтингі «В+» деңгейіне көтерілді - «Эксперт Қазақстан РА»

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - «Эксперт Қазақстан РА» рейтинг агенттігі «Атамекен-Агро» АҚ-ның кредитке қабілеттілік рейтингін «В+» (кредитке қабілеттіліктің жеткілікті деңгейі) және бастапқы шығарылым  облигациялары рейтингін де «В+» (сенімділіктің жеткілікті деңгейі) деңгейін растады.
None
None

Бұл туралы рейтинг агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Атамекен-Агро» рейтингінің жағымды деңгейге көтерілуіне әсер еткен оң факторларға негізінен компанияның активтері мен өзіндік капиталының өсімін (2008 жылдың соңынан 2011 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі аралықта активтер 46,3 пайызға, өзіндік капитал - 38,6 пайызға өсті)  атауға болады.

Бұл ретте агенттік компанияның қазақстандық нарықтағы орнықты ұстанымға ие екендігін атап өтеді. Атап айтқанда, «Атамекен-Агро» елдегі ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші компаниялардың қатарында тұр.  Өнімді ішкі нарықта өткізу арналары да бар, сондай-ақ өз өнімдерін Еуропалық Одақ елдеріне экспорттайды. (2010-2011 жылғы компанияның табыстарынан Бельгия, Германия, Англия елдеріне рапс пен зығыр экспортының үлесі 44,1 пайызды құрады).

«Компания майлы дақылдарды (зығыр мен рапс)  егу алаңын кеңейту арқылы өз бизнесін әртараптандырып отыр және басқа өндірушілерден астық сатып алып, оны қайта сату арқылы да табысын еселеуде. Бизнесін одан сайын әртараптандыру «Атамекен-Агроның» қаржылық орнықтылығын одан сайын нығайта түсуге септігін тигізбек», - деп санайды «Эксперт Қазақстан РА» рейтинг агенттігінің корпоративтік басқару жөніндегі сарапшысы Анна Акопьянц.

Ал рейтингті шектеп тұрған факторларға негізінен борыштық ауыртпашылықтың жоғары деңгейі, 2010 жылғы компанияның залалдылығы, іскерлік белсенділіктің төменгі көрсеткіштері және акционерлердің бытыраңқы құрылымы аталып өтіледі.

Жалпы алғанда «АТАМЕКЕН-АГРО» АҚ-ның негізгі қызметі астықты сатып алу, ішкі және сыртқы нарықтарға сату болып табылады. Компанияның 2011 жылдың 3 тоқсанындағы кірісі 5,9 млрд теңгені құрады, ондағы таза табыс  - 292,21 млн. теңге. Активтер - 32,7 млрд теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар