«Атамекен» одағы» Кеден одағы аясында техникалық регламенттерді жетілдіру жұмысына кіріседі

әуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Кеше Астана қаласында өткен «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Басқарма отырысында Кеден одағы аясында техникалық регламенттерді жетілдіру мәселесі қарастырылды.
None
None

Басқарма отырысына экономиканың түрлі саласындағы ірі кәсіпорындар жетекшілері, Қазақстанның барлық аймағынан бизнес - қауымдастық өкілдері, ҚР Парламент депутаттары, сонымен қатар, вице - министрлер мен комитет төрағалары қатысты. Кеден одағы аясында техникалық регламенттерді жетілдіру бойынша Индустрия және жаңа технология министрлігі техникалық реттеу жөніндегі комитет төрағасы Г. Мұхамбетов баяндама жасады.

Отырысқа қатысушылардың пікірінше, Кеден одағының құрылумен аталған мәселелердің маңыздылығы арта түспек, себебі кеден тарифтерін сәйкестендіру, нарықты қорғау мен өнеркәсіпті қолдауда тарифтік емес шараларды техникалық реттеу белгілейді.

Сондықтан, «Атамекен» одағы» ҰЭП Басқармасы Индустрия және жаңа технология министрлігі техникалық реттеу комитетімен салалық техникалық регламенттерді дайындау аясында өзара іс-қимыл бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, «Атамекен» одағы, Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы мен Белорус өнеркәсіпшілер одағы арасында аналогиялық біріккен комиссия құрады. Мұндай келісім келесі аптада Мәскеуде қол қойылады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар