«Атамекен» одағы» Президиумының жаңа құрамы сайланды

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Кеше елордада өткен «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Басқарма отырысында Палата Президиумының жаңа құрамы сайланды.
None
None

Басқарма отырысына экономиканың түрлі саласындағы ірі кәсіпорындар жетекшілері, Қазақстанның барлық аймағынан бизнес - қауымдастық өкілдері, ҚР Парламент депутаттары, сонымен қатар, вице - министрлер мен комитет төрағалары қатысты. Делегаттар арасында Қазақстанның төмендегідей танымал және ірі бизнес тұлғалары қатысты; «Ордабасы» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы-Д.Идрисов, «Иволга-холдинг» корпорациясының президенті В.Розинов, «ССГПО» АҚ президенті М.Турдахунов, «Рахат» АҚ президенті А.Попелюшко, «Беккер и К» компаниясының жетекшісі И.Кравченко, «Бахус» АҚ президенті А.Карапетян, «Азия-Авто» АҚ президенті Е.Мандиев, «Агромашхолдинг» АҚ президенті Д.Ким, «Vita» АҚ бас директоры П.Потапов, ҚР Астық одағының төрағасы Н.Тілеубаев, «АЗТМ» АҚ бас директоры Ж.Едигенов, «АЗМК» АҚ директоры А.Шардинов, «Вагоноремонтный завод» АҚ президенті Д.Дүйсенов, «Белкамит» бас директоры П.Беклемишев, «TextyLine» АҚ президенті С.Апенко, «Бент» АҚ президенті Д.Кузиев және т.б.

Басқарма шешімімен, ҰЭП Президиумы құрамында өкілеттілік уақыты аяқталған бұрынғы құрамының орнына 25 адамнан тұратын жаңа мүшелері сайланды.

Сайланған Президиумның жаңа құрамына - Мәжіліс депутаты, академик Кенжеғали Сағадиев, Мәжіліс депутаты, қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова, ҚР Сенаты экономика комитетінің төрайымы Нұрлығайым Жолдасбаева, Қазақстан мұнайгаз кешені кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев және т.б. танымал тұлғалар енді.

Таяу уақытта Палата Президиумы алғашқы отырысында өз Төрағасын сайлауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар