«Атамекен одағы» ҰЭП Төралқасының отырысында экономикалық қылмыстарды криминалсыздандыруға бағытталған заң жобасы талқыланды

азанның 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордада «Атамекен одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палата Төралқасы мен Басқармасының бірлескен отырысы өтуде.
None
None

Онда «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне кәсіпкерлікті қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы болды.

Тоқтала кететін жайт, «Атамекен одағы» палатасы аясында бірқатар ғалым-заңгерлерден құралған сарапшы топтың әзірлеген заң жобасы Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау және сот жүйесі қызметінің тиімділігін арттыру туралы» жарлығына толық сәйкес келеді. Атап айтқанда, құжатта қылмыстық заңнаманы ізгілендіру, оның ішінде қылмыстарды, экономикалық қылмыстарды криминалсыздандыру мәселесі қамтылған болатын. Бұл ретте Елбасы үлкен қоғамдық қауіп тудырмайтын экономикалық қылмыстарды криминалсыздандырудың өзектілігін алдыға тартып, Үкіметке 2010 жылдың соңына дейін аталған жобаны Парламентке тапсыруды жүктеген еді. Осыған орай, «Атамекен одағы» ҰЭП әзірлеген заң жобасы ең алдымен ҚР Қылмыстық кодексінің 7-ші бөлімін түбегейлі трансформациялауға бағытталады және бірқатар базалық қадамдарды қамтиды.

«Кәсіпкерлік мәселелеріне қатысты заңнамалық бастамалардың барлығы құқық қорғау органдардың немесе Үкіметтің қолында. Өкінішке қарай, бірегей ұйымдастыру платформасы болмағандықтан, кәсіпкерлердің бастамалары соншалықты жүзеге аса бермейтін. Бүгінгі күні бірінші рет Үкіметке, Парламент үшін кәсіпкерлік саласында қылмыстық заңнаманы жетілдіруге қатысты ұсыныстар жасайтын мүмкіндік туды», деді ҰЭП Президиум төрағасы Тимур Құлыбаев.

Басқосу барысында «Атамекен одағы» ҰЭП-мен мақұлданған заң жобасын «Нұр Отан» ХДП жанындағы Құқықтық кеңесінің қарауына жолдау көзделеді.

Соңғы жаңалықтар