«Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасы Қызылорада волейболдан турнир өткізуде

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы Қызылордада бүгін Елбасының Жолдауынан туындайтын кәсіпкерлік саладағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатындакең ауқымды шаралар бастады.
None
None

Оның алғашқы шараларының бірі қаладағы «Еуразия» спорт кешенінде волейболдан облыс кәсіпкерлері арасында турнир болды. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан барлығы 8 команда қатысуда.

Турнирдің ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Ұранхаев және «Атамекен» одағы Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев сөз сөйлеп, турнирге қатысушыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

Турнир жеңімпаздары «Атамекен» одағы Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Қызылорда облыстық филиалының дипломдарымен, кубоктарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар