«Атамекен» төрағасы БЖЗҚ-ның жекеменшік қорларға өтуіне қатысты ойын білдірді
А.Мырзахметовтің айтуынша, Мемлекет басшысының бұл ұсынысы бизнес сектор тарапынан қолдауға ие болып отыр. Кәсіпкерлер палатасының төрағасы пайымдағандай, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Қазақстанның қор биржасы және проблемалы несиелер қоры Ұлттық банктің жұмысын тиімсіз етіп отыр.
«Сондықтан, кәсіпкерлер палатасы Ұлттық банк артық функциялардан айырылуы керек деген Мемлекет басшысының бастамасын қолдап отырмыз. Бірақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларын басқаратын жеке секторға бақылау қатаң болуы керек. Қор жекеменшік секторға ауысса, қаржыны тиімді, бәсекелесе отырып басқару пайда болады»,-деді А.Мырзахметов.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақын қорын, проблемалы несиелер қорын және өзге де қаржы институттарын Ұлттық банктің бақылауынан шығару керектігін айтқан болатын.