11:43, 10 Тамыз 2015 | GMT +5
Атбасар қаласында 1952 жылғы әйелдің пәтерін тонап кеткен күдікті іздестірілуде
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Атбасар қаласының тұрғынын белгісіз біреу тонап кетті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Түнгі сағат 02:30 шамасында 1952 жылғы әйелдің пәтеріне ас бөлмедегі терезені ашып, басын тұмшалаған белгісіз біреу баса көктеп кірген. Сол кезде пәтер ішінде үй иесі 63 жастағы әйел мен бірге тұратын 93 жастағы әжей болған. Тонаушы үйдегі қос қарияны қолындағы пышаққа ұқсас затымен қорқытып, соққыға жыққан. Артынша, 400 еуро мен 600 мың теңге ақшаны алып тайып тұрған. Қазіргі кезде аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 192 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті іздестірілуде», - деп көрсетілген хабарламада.