13:58, 25 Қараша 2014 | GMT +5
Атбасарда көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 45 отбасы жаңа пәтерге қоныстанды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасарда көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 45 отбасы жаңа пәтерге қоныстанды.Қоныс той иелерін облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров құттықтап, 45 отбасына жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде тапсырды.

Еске сала кетсек, Атбасар ауданында табиғат апатынан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру мақсатында 2 миллиард 169 миллион 877 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Оның 1 995 644 мың теңгесі республикалық бюджет есебінен болса, қалған 174224 мың теңгесі облыстық бюджеттен бөлініп отыр. Қазіргі кезде, топан судан зардап шеккен 209 отбасының 119 баспанамен қамтамасыз етілген.