20:01, 12 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Атырауда құрылыс басқармасы басшысының орынбасары ұсталды
АТЫРАУ.KAZINFORM - Атырау облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары ұсталды.
Kazinform агенттігінің құқық қорғау органдарындағы дереккөздерінің мәліметінше, 33 жастағы Талғат Бисен іссапардан оралған сәтте облыс әкімдігі ғимаратында ұсталған.
Белгілі болғандай, шенеунік мердігер компания басшысынан пара алды деген күдікке ілінді. Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, мердігер ұйымның кеңсесінде және әкімдік ғимаратында тінту жүргізілген.
Қазіргі уақытта Талғат Бисен қолхатпен босатылған. Алайда тергеу органдары оны қамауға алу жөнінде сотқа өтініш түсіруді жоспарлап отыр.
Қылмыстық істің тергеуі жалғасып жатыр.
Бұған дейін халықаралық іздеуде жүрген күдікті Грузияда ұсталғанын жазғанбыз.