Атом энергетикасы нысандары қауіпсіздігінің бірыңғай және қатаң стандарттарын жасау қажет - Н.Назарбаев

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - АЭС құрылыстарының жобалары түбегейлі жаңа көзқарастарды талап етеді, әсіресе бұл салада тәжірибесі жоқ елдердің атом энергетикасын дамыту ниетіне қатысты. Бұл туралы Киев саммитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Қазақстан Президентінің пікірінше, «атом энергетикасы нысандары қауіпсіздігінің бірыңғай және қатаң стандарттарын жасау төтенше маңызды, ол стандарттарсыз әлемдегі бірде-бір АЭС іске қосылмауы керек».

Н.Назарбаев сондай-ақ, МАГАТЭ-ның ұйытқы болуымен және АЭС-терді пайдаланушы мемлекеттер мен компаниялардың өкілдерін жұмылдыра отырып, стансалардың басқару және қорғаныс жүйелеріне тұрақты сынақтар өткізуді міндеттеу туралы ұсыныс жасады. «АЭС стансаларын пайдаланып отырған мемлекеттер мен компанияларды өз ядролық нысандарында орын алған фактілер туралы, мейлі ол кішігірім жайт болсын, өз халқын да, халықаралық қоғамдастықты да мідетті түрде және толыққанды хабардар етіп отыруға міндеттеу керек»,- деді Қазақстан басшысы өз сөзінде.

Қазақстан Президенті сондай-ақ, республика Үкіметінің Франция мен Украина президенттерінің үндеулерін қарап шыққанын және Чернобыль АЭС-ндегі халықаралық жобаларды аяқтауға қаражат бөлу туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум