Атом энергетикасын дамытушы елдер басқа мемлекеттердің мүдделеріне және экологияға келтірген зияндары үшін жауап беруі керек - Елбасы

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Атом энергетикасын дамытушы елдердің үкіметтері өзге мемлекеттердің экономикалық мүдделеріне және экологияға келтірген зияндары үшін жауап берулері керек.
None
None

Бұл туралы кеше Ядролық энергияны қауіпсіз және инновациялық пайдалану мәселелері жөніндегі Киев саммитінің жалпы отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Ca-news басылымы.

Н. Назарбаев, Жапонияның «Фукусима» АЭС-індегі төтенше жағдайға байланысты, бүгінде әлем алдында атом энергиясының қауіпсіздігі мәселесі қайта туындап отырғанын атап көрсетті.

Президенттің пікірінше, «бұдан былай АЭС құрылысының жобаларына түбегейлі жаңаша көзқарастар қажет, әсіресе бұл салада тәжірибелері жоқ елдерде атом энергетикасын дамыту мәселесі бойынша».

«Кез-келген атом стансысындағы ядролық апаттың теріс салдары міндетті түрде трансшекаралық мазмұнға ие болады. Осыған байланысты, АЭС және басқа да азаматтық атом нысандарының қауіпсіздігі жаһандық ядролық қауіпсіздіктің маңызды бөлігі ретінде қарастырылуы керек. АЭС пайдаланып отырған мемлекеттер мен компаниялар өз ядролық нысандарында орын алған фактілер туралы, мейлі ол кішігірім жайт болсын, өз халқын да, халықаралық қоғамдастықты да мідетті түрде және толыққанды хабардар етіп отыруға міндетті. Бұл заңды талапты бұзғандарға қатаң санкциялар қарастырылуы керек»,- деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар
Референдум