Аттестаттаудан өте алмаған Қарағанды облысының 16 полицейі ІІБ-дан шығарылады

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Кеше Қарағандыда ішкі істер департаментінде ІІБ-ның қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу бойынша өңірлік аттестациялық комиссияның бірінші отырысы өтті,
None
None

деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Қарағанды қаласы ішкі істер басқармасының 122 қызметкері әңгімелесуденөтті.

Жүргізілген тексеру мен сынақтардың нәтижелері бойынша 4 қызметкер қызметтерін жоғарылатуға ұсынылды, 99-ы - қызметтеріне сай деп танылды, ал 16 қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылуға ұсынылды. Олардың кәсіби дайындықтары талаптарға сай келмейді.

Кезектен тыс аттестаттау жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар