Атырау, Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарындағы аптап ыстық бүгін де жалғасады - Қазгидромет

Ал республиканың солтүстік және шығыс өңірлері атмосфералық ағымдар бөліктерінің әсерінде болады. Мұнда найзағайлы өткінші жаңбыр мен күшті желдер тұрады.
Мәселен, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында желдің екпіні 15-23 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен шаңдатып жел тұрады.
Қызылорда облысында - кей өңірлерде 15-20 м/с қашықтықта жел болады, күндіз шаң аралас.
Ал Атырау, Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облысының кей аумақтарында аптап ыстық жалғасады.
Ақтөбе мен Қостанай облысының жекелеген өңірлерінде қатты ыстық болады деп күтілуде.
Сондай-ақ «Қазгидромет» бүгін, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан мен Қостанай, Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталатынын ескертеді.